Грильдегі тауық еті
Духовкада дайындалатын гриль тауық еті – өте жеңіл әрі дәмі тіл үйіреді! Бұл тағамды дайындау оңай, бірақ кейбір ұсақ-түйек әдістер оның ерекше дәмін ашады. Жаңадан бастаған аспазға да қиын болмайды.

Құрамы:
«Алель» бройлер тауық тұтас еті
Сарымсақ – 6 түйір
Сары май – 50 г
Тұз, бұрыш – дәміне қарай
Өсімдік майы
Дайындалуы:
- Сарымсақты жұқа тілімдерге турап, тауықтың терісінің астына абайлап салыңыз.
- Әсіресе төс етінің астына бірнеше бөлік сары май қойыңыз.
- Өсімдік майына тұз және бұрыш қосып, тауықтың сыртын толық жағыңыз.
- Тауықты 170°C температурада гриль режимінде, тор немесе айналмалы қондырғыда 1.5 сағат пісіріңіз.