Біздің Компания қызметкерлері — ортақ ісіміздің басты құндылығы және қозғаушы күші.
«АЛЕЛЬ АГРО» компаниясында әрбір қызметкердің жеке дамуы мен кәсіби өсуі үшін барлық жағдай жасалған.
Кәсібилік, практикалық көзқарас және демократиялық қарым-қатынас 💯 — біз өз адамдарымызда осы қасиеттерді бағалаймыз!
Біз дарынды мамандарды тартуға мүдделіміз және өз ісінің шебері болып табылатын, жауапты, бастамашыл, дамуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, командамен жұмыс істей алатын, әріптестері мен серіктестеріне құрметпен қарайтын адамдарды қош көреміз.
«АЛЕЛЬ АГРО» АҚ үміткерлердің түйіндемелерін қамтитын электронды дерекқор қалыптастыруда.