Табаға қуырылған балапан
Цыпленок табака – грузин ұлттық тағамы, көпшілікке ұнайтын дәмді ас. Оның түпнұсқа атауы – «цицила тапака», мұндағы тапа – арнайы жалпақ грузин табасы. Тауық сарымсақ пен дәмдеуіштермен сіңдіріліп, қызарғанша қуырылады.

Құрамы:
1 салқындатылған «Алель» тауық табакасы
Сары май
1 лимон
Қара бұрыш – дәміне қарай
4 түйір сарымсақ
Тұз – дәміне қарай
Табиғи дәмдеуіштер «Хмели-сунели» – дәміне қарай
Дайындалуы:
Тауықты асүй балғасымен екі жағынан ұрып, жазып алыңыз.
Маринад үшін лимон шырынын сығып, сарымсақ, тұз, бұрыш және хмели-сунели дәмдеуіштерімен араластырыңыз.
Тауықтың барлық жеріне маринад жағып, 1 сағатқа қоя тұрыңыз.
Табада сары май ерітіп, тауықты терісі төмен қаратып қойыңыз. Үстінен ауыр қақпақпен жауып қойыңыз (егер ауыр қақпақ болмаса, кәдімгі кастрөл қақпағын төңкеріп қойып, үстіне су толтырылған ыдыс қойсаңыз болады).
15–20 минут қуырып, тауықты аударып, тағы да сол уақыт мөлшерінде қуырыңыз.