Мансап

Құрметті үміткер!
«АЛЕЛЬ АГРО» АҚ-ны таңдай отырып, сіз Қазақстан халқының игілігі үшін еңбек ететін үлкен команданың бір бөлігіне айналасыз.

Біздің Компания қызметкерлері — ортақ ісіміздің басты құндылығы және қозғаушы күші. «АЛЕЛЬ АГРО» компаниясында әрбір қызметкердің жеке дамуы мен кәсіби өсуі үшін барлық жағдай жасалған.

Кәсібилік, практикалық көзқарас және демократиялық қарым-қатынас — біз өз адамдарымызда осы қасиеттерді бағалаймыз!

Біз дарынды мамандарды тартуға мүдделіміз және өз ісінің шебері болып табылатын, жауапты, бастамашыл, дамуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, командамен жұмыс істей алатын, әріптестері мен серіктестеріне құрметпен қарайтын адамдарды қош көреміз.

«АЛЕЛЬ АГРО» АҚ үміткерлердің түйіндемелерін қамтитын электронды дерекқор қалыптастыруда.

Өз түйіндемеңізді бізге мына электрондық пошта арқылы жібере аласыз: hr@alelagro.kz

Бос жұмыс орны пайда болған жағдайда, біз сізбен міндетті түрде хабарласамыз және барлық мәліметтерді жеткіземіз.