Грильдегі тауық еті

Духовкада дайындалатын гриль тауық еті – өте жеңіл әрі дәмі тіл үйіреді! Бұл тағамды дайындау оңай, бірақ кейбір ұсақ-түйек әдістер оның ерекше дәмін ашады. Жаңадан бастаған аспазға да қиын болмайды.

Құрамы:

  • «Алель» бройлер тауық тұтас еті

     

  • Сарымсақ – 6 түйір

  • Сары май – 50 г

  • Тұз, бұрыш – дәміне қарай

  • Өсімдік майы

Дайындалуы:

  1. Сарымсақты жұқа тілімдерге турап, тауықтың терісінің астына абайлап салыңыз.
  2. Әсіресе төс етінің астына бірнеше бөлік сары май қойыңыз.
  3. Өсімдік майына тұз және бұрыш қосып, тауықтың сыртын толық жағыңыз.
  4. Тауықты 170°C температурада гриль режимінде, тор немесе айналмалы қондырғыда 1.5 сағат пісіріңіз.

Басқа рецепттер

Үйде дайындалған тауық еті қосылған кеспе сорпасы

Табаға қуырылған балапан

Тауық бауыры алма және асқабақпен

Тауық жүрекшелерінен жасалған шашлықтар