Жамбыл облысында 4 млрд теңгеге инкубатор салынды.

Кешеннің іске қосылуы — «Алель Агро» компаниясының өңірдегі құс шаруашылығын дамытуға бағытталған ауқымды бағдарламасының бір бөлігі.

Жамбыл облысында «Алель Агро» АҚ 4 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған кешен салды, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, инкубатордың іске қосылуы құс шаруашылығын дамыту жөніндегі компанияның ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. 2022 жылы «Алель Агро» құс фабрикасын іске қосты, ал 2023 жылы жылына 96 мың тонна жем өндіретін құрамажем зауыты пайдалануға берілді.

Бүгінде Жамбыл облысында бес ірі құс шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді. Олар: «Әулие-ата Феникс» ЖШС, «Алель-Агро», «Қордай құс», «БМ Агропродукт» – құс етін өндіреді, ал «Аса-Даму» ЖШС – жұмыртқа өндірумен айналысады.

Жыл басынан бері өңірде 12,8 мың тонна құс еті өндірілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға артық. Жұмыртқа өндірісі 3,0%-ға өсіп, 89,5 млн дана жұмыртқа өндірілді. 475,9 тонна құс еті экспортталды.

Бұған дейін италиялық Lumacheria Italiana компаниясы Жамбыл облысында ұлулар өсіретін ферма салуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Облыс әкімінің кеңесшісі Даулетқожа Мамыровпен кездесуде компания өкілдері Жамбыл облысын таңдауларының себебі — өңірдің табиғи-климаттық жағдайлары өнеркәсіптік ауқымда ұлуларды әлемдік нарықпен салыстырғанда төрт есе арзан өсіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.