«Алель Агро» АҚ құс фабрикасы жобасы бойынша **«Алель Агро» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және Катарлық «Baladna» компаниясы арасында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын хабарлайды.

Катар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тани Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында Астанада Қазақстан–Катар Инвестициялық Форумы өтті. Форумды «Самұрық-Қазына» АҚ мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды.

Биылғы жоғары деңгейдегі іс-шараға екі елдің ірі бизнес өкілдері қатысты. Жалпы делегаттар саны 200-ден асты. Форум аясында Катарлық ірі компаниялар мен Қазақстанның мемлекеттік және жекеменшік секторлары арасында іскерлік кездесулер өтті.

Дереккөз: invest.gov.kz

Біз үлкен мақтанышпен Инвестициялық Форум аясында «Алель Агро» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және Катарлық «Baladna» компаниясы арасында құс фабрикасы жобасы бойынша Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын хабарлаймыз.

Меморандумның мақсаты – құс етін өндіру және өңдеу жобасы бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу.

Қол қою рәсімінде тараптар – «Алель Агро» АҚ Басқарма төрағасы Ерик Султанқұлов, «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев және «Baladna» компаниясы Басқарма төрағасының орынбасары Мохамед Бадр аль-Саад – әріптестік орнатудың маңыздылығын атап өтіп, жүйелі жұмыс жолға қойылса, бірлескен жобаларды кең көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік болатынын айтты.

Анықтама:

  • «Алель Агро» АҚ – азық-түлік өнімдерін өндіру және тарату саласында жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы акционерлік қоғамы.

  • «Бәйтерек» холдингі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі даму институты, корпоративтік басқару стандарттарына сай келетін және елдің орнықты дамуын қамтамасыз ететін ұйым.

  • «Baladna» – ауыл шаруашылығы жобаларына инвестиция салатын Катарлық компания.