«Алель Агро» АҚ – САПА БИІГІНЕ ҚАРАЙ АЛҒА!

«АЛЕЛЬ АГРО» АҚ сапа менеджменті жүйесін 12 жылдан астам уақыт бойы табысты енгізіп, тиімді қолдануда.

2017 жылы «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ISO 9001:2015 халықаралық стандарты бойынша сертификаттаудан сәтті өтті. Компания ISO жүйесінің жаңа талаптарына сәйкес өзгерістерді енгізді.
2016 жылдан бастап «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ "Кайдзен" құралдарын енгізу бағдарламасын белсенді жүзеге асырып келеді.
Кайдзен (жап. 改善 Kaizen) — өндіріс, әзірлеу, көмекші бизнес-процестер мен басқару, сондай-ақ өмірдің барлық аспектілерін үздіксіз жетілдіруге бағытталған жапон философиясы мен тәжірибесі.
Компания стандартталған әрекеттер мен процестерді жетілдіре отырып, шығындарды азайту, құнды үнемдеу және қызметкерлер үшін жайлы еңбек жағдайларын жасау мақсатын көздейді.