Рус Eng

Мәзірлер

ТАУЫҚТЫҢ ЖҮРЕГІНЕН ӘЗІРЛЕНГЕН КӘУАП

Өте дәмді тісбасар! Қонақтарды таң қалдыруға болатын ерекше әзірленетін тауық жүрегі. Мұндай кәуап көпшіліктің көңілінен әрдайым шығады.

Қосылатын тағамдар:

  • Тауықтың жүрегі - 500 г 
  • 2 ас қасық апельсин шырыны
  • 2 ас қасық лимон шырыны 
  • 2 ас қасық соя тұздығы
  • 3 түйір сарымсақ
  • 1 ас қасық өсімдік майы  
  • Чили бұрышы
  • Зімбір тамыры
  • Бұрыш

Дайындалуы:

  1. Жүректі жуып, майын, ұйып тұрып қалған қанталаған жерін кесіп алып тастаңыз да, жарты сағат уақытқа мұздай суға салып қойыңыз. 
  2. Лимон, апельсин шырынынан, соя тұздығынан,  сарымсақтан, зімбір мен бұрыштан маринад дайындаңыз. Зімбірді үккішпен үгіңіз, ал сарымсақ пен бұрышты ұсақтап турыңыз. Жүректен шыққан суды төгіп тастап, тостаққа салып, бетіне маринад құйыңыз. Арасында араластырып тұрып, 3-4 сағат мұздатқышта маринадтаңыз. Жүректерді шанышқыларға жаншыңыз. 
  3. Табаға аздап май құйып, қыздырыңыз да, әр жағын шамамен 10-12 минут қуырыңыз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Артқа