Каз Eng

Новости

Алель Халал сертификаты берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрғасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы халал өнімдерін өндіретін «Алель Агро» АҚ құс шаруашылығының басшыларымен кездесіп

ҚМДБ: «Алель Агро» құс фабрикасына халал сертификаты берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрғасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы халал өнімдерін өндіретін «Алель Агро» АҚ құс шаруашылығының басшыларымен кездесіп, Діни басқарманың адал сертификатын берді.

Бас мүфти кездесу барысында: «Қазіргі уақытта мұсылман жамағаты ғана емес, көпшілік қауым адал дегеннің не екенін ұғып келеді. Алдағы уақытта адалға сұранысын арта түспек. Сондықтан адал – индустриялық дамуға үлесін қосып, әрбір адамның денсаулығы мен қоғамдық белсенділігіне тікелей әсерін тигізеді»,-деді.

Құс етін сатумен айналысатын «Алель Агро» фабрикасының халал жүйесіне жауапты бас маманы Нұрлан Несіпбаев Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына алғысын айтып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.

Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін халал өнімдерін өндіретін ЖШС «Халал сұлтан», ЖШС «Ақ ниет» кәсіпорындарына Діни басқарманың сертификаты берілген болатын.

Назад