Ұлттық чемпиондар құс етінің өндірісі туралы теріс пікірді жоюда. Құс етін өндіретін қазақстандық кәсіпорындар арасында көш бастап тұрған кәсіпорын «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ егер бәрін дұрыс жасаса, өнім дәмді, пайдалы әрі қол жетімді болатынын дәлелдеді.
Бүгін де «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының қатысушысы «Алель Агро» компаниясы құс етін өндіретін Қазақстандағы ең ірі компания атағына ие болып отыр. Компания жыл сайын 34 мың тонна өнім өндіріп отыр. Алдағы үш жылдағы жоспары – өнімділікті кем дегенде үштен бірге арттыру.
— Біз 2018 жылға қарай өндіріс қуатын кем дегенде 45 мың тонна құс етіне арттырып, Қазақстандағы отандық өндірушілер шығаратын осы іспеттес өнімдердің жалпы үлесінде 23-25 пайызды қамтуға мүдделіміз. Біз мұнымен тоқтап қалмай, ілгері дамуға ниеттіміз. Жыл сайын біздің елде үш жүз мың тоннаға жуық құс еті тұтынылады. Біздің жергілікті өндірушіміз мұның тек жартысын қамтамасыз етіп отыр. Бұл тұтынушылық қауіпсіздік нормаларына 80% сай келмейді. Қалған өнімдер мұздатылған күйінде АҚШ, Ресейден және Беларусьтен әкелінеді. Өкінішке орай, шетелден әкелінетін құс етінің инжекторлық мұздатылғандықтан (ішіне су толтырылған), көп жағдайда сапасы көңілден шықпай жатады. Мұндай әрекет құс етінің салмағын қолдан жасанды түрде арттыруға мүмкіндік береді. Біз импортталатын өнімдерге қатысты мұндай проблемамен пайдасы, дәмділігі мен балғындығы әлдеқайда артық жергілікті суытылған құс еті өндірісін арттыру арқылы күресіп отыруға тырысамыз. Қалғаны, тұтынушылардың таңдауына байланысты. Біздің өнімдер өндірісте көп кідірмейді. Көтерме сатып алушылар кезекте тұр десек те болады. Сатып алушылар тек отандық емес, шетелдік сатып алушылар да жетерлік. Өнімдеріміздің бір бөлігі экспортқа шығарылады, - деді «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ қаржы директоры Наим Турдиев.
«АЛЕЛЬ АГРО» АҚ алдағы жылдарға жоспарлаған батыл даму жоспарлары «Бәйтерек» Холдингі іске асырып отырған «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысумен байланыстырылады.
«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысудағы мақсат – өңірлік және әлемдік деңгейдегі компанияларды ашу арқылы Қазақстанда бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдар алған шикізаттық емес сектордағы өндіріс орындарын құру. Аталмыш бағдарлама Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Үкіметінің 2015 жылғы 5 мамырдағы кеңейтілген отырысы барында айтылған «Ұлттық чемпиондар» бастамасын іске асыру аясында әзірленген.
«АЛЕЛЬ АГРО» АҚ Басқармасының Төрайымы Рәзия Жатақбаева
Компания 2016 жылы «Бәйтерек» Холдингінің «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы аясында 1,9 млрд. теңге мөлшерінде қарызға қаражат алуға ниетті.
— Біз суытылған құс етінің өндіріс қуатын арттырып қана қоймай, заманауи сату тәжірибесін енгізуге мүдделіміз. Бастапқы деректер бойынша «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысу 2018 жылға қарай «Алель Агро» компаниясының түсімін 19 пайызға арттыруға мүмкіндік береді – деп бөлісті «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ басқармасының төрайымы Рәзия Жатақбаева.
Бүгінгі таңда Алматы облысында «Алель Агро» компаниясының 5 құс фабрикасы, құрама жеп зауыты, құс сою цехі, сұрыптау терминалы мен инкубатор жұмыс істейді. Үш жүз мың асыл тұқымды құстардан құралған аналық құс үйірі бөлек орын-жайда бапталады. Жаңа нысандардың құрылысы салынуда. Компания басшылығының айтуынша, 2018 жылға қарай бұл шамамен 250 қосымша жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етеді.
— Бір жағынан алып қарағанда, сан айтарлықтай үлкен емес, бірақ ауылдық жер үшін бұл біраз көмек. Себебі ауыл тұрғындарының басым көпшілігі ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Мысалы, бір ауылдағы фабрикаларда мұқтаждыққа қажет қайсыбір қызметтерді көрсету үшін қосымша тартылатын тұлғаларды санамағанда, 100 жуық адам жұмыс істейді. Демек, барлығы шамамен 140 адам. Ауылда бір жарым мыңға жуық отбасы тұрады. Яғни, біз жергілікті отбасының 10% жуығын жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Бізді мұндай 5 құс фабрикамыз бар. Мұның өзі жақсы көрсеткіш, - деп түсіндірді Ават ауылындағы құс фабрикасының директоры Серікбай Садулов.
Жергілікті өндірістегі бройлер құс қатардағы қазақстандықтың дастарханында болу үшін ондаған адам еңбек етеді. Дайын өнім кішкентай ғана жұмыртқадан бастау алады. Жұмыртқа инкубаторға жеткізіледі.
Жабдықтардың бәрі Италиядан, Голландиядан, Германиядан және т.б. елдерден арнайы әкелінген. Себебі «Алель Агро» құс еті өндірісінде сапаның еуропалық стандарттарын негізге алады.
— Әрине, бізге ресейлік құрал-жабдықтарды сатып алуымызға болар еді. Иә, олардың бағасы әлдеқайда арзан, алайда олар біздің талаптарымызға толығымен сай келмейді. Сол себепті біз жабдықтарды Еуропадан сатып әкелеміз. Біз өз өндірісімізге еуропалық стандарттарды ұстануға ұмтыламыз. Бұл тек қана жергілікті нарықта бұдан да жоғары орыннан көрініп қана қоймай, экспортқа да сенімді жұмыс істеуге де мүмкіндік береді, - дейді «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ басқармасының төрайымы Рәзия Жатақбаева.
Ең заманауи жабдықтар мен толықтай дерлік автоматтандырылған процестердің қолданылуы өндіріс кезіндегі жоғалтуды азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, кәсіпорындағы бройлерлерді өсіру тиімділігінің индексі (EPEF) 340 бірлікті құрайды. Бұл өндіріс тиімінің еуропалық стандарттарына сай келеді.
Балапандар арнайы жүк көліктерінде сұрыпталғаннан кейін фабрикаларға таратылады. Құстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың әрқайсысы бірнеше шақырым қашықтықта ғана орналасқан. Дәл осы жерде қырық килограммдық балапандар 42 күн аралығында 2,5 килограммдық бройлерлерге айналып, осы жерден қазақстандықтардың дастархандарына жетеді.
Тамақтандыру тәртібін, орын-жайдың желдетілуін және басқа да күрделі процестерді көпшілігі арнайы білімді кеңес заманында алып, бүкіл өмірін сүйікті ісіне арнаған ондаған білікті мамандар қадағалап отырғанымен, жаңа шешімдер мен заманауи технологияларды әлі де үйреніп келеді.
— Біз үшін бүкіл тиісті нормалардың, барлық стандарттар мен өндіріс кезеңдерінің сақталып, ретімен орындалуы аса маңызды. Осының арқасында біз құс етін инжекторлау (су толтыру), құстар тез өсу үшін гормондар енгізу, қате термальді өңдеу, фабрикалардағы құстарды қате баптау жайлы стереотиптерді жоя білдік. Біздің бүкіл өнімдеріміз Кедендік одақтың, ИСО, ЭКО, ХАЛАЛ және Адал стандарттарының нормалары мен талаптарына сәйкестікке декларацияланған,— деп түйіндеді «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ бас ветеринарлық дәрігері Татьяна Жукова.
Осылайша, «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ — «Ұлттық чемпионның» жарқын мысалына айналған қазақстандық кәсіпорындардың бірі. Ол жергілікті қазақстандық шикізатты пайдалана отырып, өндірістің заманауи әлемдік тәжірибесін енгізе отырып, осы арқылы ауыл шаруашылығын көтеріп, жұмыс орындарын қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл елді өз өнімдерімен асырап отыр.
Артқа