Рус Eng

Құс шаруашылығы туралы

АНАЛЫҚ БАЛАПАНДАРДЫҢ ӨСУІН БАҚЫЛАУ

Бройлер кросстардың аналық үйірі мен бройлерлердің тұқым қуалаушылық өсу сипаттамалары бірдей болып келеді.

Құстар өсіп, салмақ қосқан сайын құстардың қоректік заттарға деген мұқтаждығына сай  құстардың жейтін жемін де арттырып отыру қажет.

Әдетте, егер орын-жайдың температурасы >20°С болса, аналық тауықтарға кемінде 23000 ккал алмасу энергиясы (МЕ) қажет. Бұл құстар 20 апталық болғанда теңгерілген протеин 1.2 кг болу тиіс. Құстардың 22 апталығында үдемелі жиын мәнінде алмасу энергиясы 27000 ккал, ал протеин 1.4 кг болу керек.

Жем рационы нормативтік тірі салмаққа қол жеткізу үшін жеткілікті екенін тексеру үшін апта сайын іріктелімді салмақ өлшеу жүргізіп отыру керек. Оның үстіне, құстың дұрыс өсуі мен дамуын білдіретін тауықтар мен әтештердің физикалық жағдайын қадағалап отыру маңызды. Тірі салмақ пен физикалық жағдайды қалыпты тамақтандыру бағдарламасына өзгерістер енгізілгенге дейін әр 2-3 апта сайын салыстырып отыру керек.

Артқа