Рус

Мәзірлер

КЕСПЕ ҚОСЫЛҒАН ҮЙДІҢ ТАУЫҚ СОРПАСЫ

Тауық сорпасы – тек дәмді емес, ағзаға да өте пайдалы. Дәмі тіл үйірер кеспе қосылған тауық сорпасы Сіздің және жақындарыңыздың көңілінен шығары анық!

Қосылатын тағамдар:

  • Алель тауықтың сан еті - 500 г
  • Сәбіз - 1 дана. Бас пияз - 1 дана
  • Картоп - 2-4 дана
  • Вермишель - 100 г
  • Тұз – дәміне қарай
  • Бұрыш – дәміне қарай
  • Су - 2,5 л

Дайындалуы:

  1. Тауықтың сан етін жуыңыз. Тауықты қазанға салып, суық су құйыңыз. Қазанның астына от жағып, қайнатыңыз. Қажет болса, бетіндегі көбігін алыңыз. Тұз, бұрыш салып,  оттың астын басып, 40 минут қайнатыңыз.
  2. Картоп аршып, тазалап, төртбұрыштап тураңыз.
  3. Сәбіз тазалап, жуыңыз. Ірі үккішпен үгіңіз немесе жұқалап ұзыншалап тураңыз. 
  4. Пиязды аршып, жуыңыз да, төртбұрыштап тураңыз.
  5. Дайын болған тауықты қазаннан шығарып алып, қазанға пияз, сәбіз және картоп салыңыз. Оттың астын сәл басып, 20 минут пісіріңіз. Осыдан кейін қазанға вермишель салыңыз да, 3-5 минут пісіріңіз (вермишель дайын болғанша).
  6. Қарапайым тауық сорпасы дайын. Үстінен көксөк себіңіз. 

Астарыңыз дәмді болсын!

Артқа