Рус

Компания туралы

«Алель Агро» Акционерлік қоғамы – бройлер құсын шығаратын және өткізетін Қазақстандағы ірі өндіріс компаниясы. Кәсіпорынның жыл сайынғы өндіріс қуаты 34 мың тонна өнімді құрайды.

Бүгін де Алматы облысында 6 құс фабрикасы, құрама жем шығару зауыты, құс сою цехі, сұрыптау терминалы мен инкубатор бар.
Кәсіпорында үш жүз мың асыл тұқымды құс бөлек өсіріледі. Біздің компания – құс өсірудің заманауи технологияларын қолданатын, Facco s.p.e. Mein, Pas Reform, Muyang және т.б. сияқты әлемдік жетекші брендтерді пайдаланатын дамуы тұрақты ұйым.
Бройлер құсының етінен жасалатын өнімдер тіпті ең талғампаз тұтынушылардың көңілінен шығады. «Алель Агро» АҚ үш сауда белгісі бар. Олар: "Алель", " Ameral Fresh", " Tasty Chick".

Халал өнім

Экологиялық технологиялар

Мойындалған сапа

Жеке құс фабрикалары

Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасы тағайындаған «ХАЛАЛ» сертификаты – біздің мақтанышымыз.

Өнім сертификатталған және «Экологиялық таза өнім өндірушілерінің халықаралық қауымдастығының«ЭКО» стандартына ие.

Бүкіл технологиялық процестер стандартталған. Өнім ҚР сертификаттау органдарымен сертификатталған.

Бүгінгі таңда Алматы облысында «Алель Агро» компаниясының 6 құс фабрикасы, құрама жеп зауыты, құс сою цехі, сұрыптау терминалы мен инкубатор жұмыс істейді.

Кәсіпорында асыл тұқымды жас құстарды, етті құстарды өсіру және баптау, инкубаторлық жұмыртқаны, бройлер балапандарды, құс етін өндіру бойынша сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2008 сәйкестікке сертификатталған.

Сіз «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ өнімдерін таңдай отырып, жоғары сапалы, қауіпсіз әрі дәмді өнімді алатыныңызға кепілдік беріледі. Бұл өнімдердің артықшылықтары: 
ҚАУІПСІЗДІК. Өнімдердің барлығы қолданыстағы МЕМСТ талаптарына, СанЕмН нормаларына, Кедендік Одақтың техникалық регламенттері мен кәсіпорынның нормативтік құжаттарына сай келеді;
Қабылданған нұсқауларға сәйкес тұрақты физикалық-химиялық, микробиологиялық бақылау жүргізіледі;
Құс өнімдерін шығару кезінде табиғи жем мен қоспалар түрінде  экологиялық таза шикізат пайдаланылады.
ТЕХНОЛОГИЯЛЫЛЫҚ. Бүкіл технологиялық процестер стандартталған;
Өнім ҚР сертификаттау органдарымен сертификатталған;
ЭКОЛОГИЯЛЫЛЫҚ.
Өнім сертификатталған және «Экологиялық таза өнім өндірушілерінің халықаралық қауымдастығының«ЭКО» стандартына ие.
Өнімдердің экологиялығы заманауи құралдар мен қаптама материалдардың пайдаланылуымен қамтамасыз етіледі.
ЖОҒАРЫСЕНІМ.
Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасы тағайындаған «ХАЛАЛ» сертификаты – біздің мақтанышымыз.
2015 жылы компания «Халық маркасы 2015» Тұтынушылық тану байқауында сыйлықпен марапатталды.
2016 жылы «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ  «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»,  «Тауар өндірушілер мен Кәсіпорындар қауымдастығы» ЗТБ қатарын толықтырды.