Рус Eng

Құс шаруашылығы туралы

АЛАҢНЫҢ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ҚҰСТАРДЫҢ ОРЫН-ЖАЙЛАРЫНЫҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ

Алаңның жоспары және құстардың орын-жайларының конструкциясы автомобиль көлігінің және шаруашылық қызметшілерінің кіру қауіпсіздігін ескеру керек.

Құстардың орын-жайларының конструкциясы бұдан басқа мыналарды ескеру керек:

Климат: экстремалды температура мен ауа ылғалдығы тауық қораның қандай түрі (яғни, ашық немесе жабық) анағұрлым қолайлы екенін және құстардың бағылуын бақылайтын қандай бақылау жүйесінің керек екенін айқындай алады.  

Жергілікті заңнама мен жобалау нормалары: бұл факторлар конструкцияға (мысалы, биіктікке, түске, материалдарға және т.б.) белгілі бір шекте ықпал келтіріп, жобалаудың бастапқы кезеңдерінде ескерілу керек.

Биоқауіпсіздік: құс қораның көлемі, орналасымы мен конструкциясы бір үйір құстардың арасында және құстардың басқа үйірі арасында инфекциялық аурулардың таралу қаупінің барынша аз болуын қамтамасыз ету керек. Бір алаңда жастары бірдей құстардың бапталу қағидасын ұстану қажет.

Құстардың көлемі: инкубаторлық жұмыртқаның өндіріс көлемінің талаптары әдетте, аналық құстар үйірінің көлемін анықтайды. Құс қоралардың саны мен көлеміне отырғызылу тығыздығы, тамақтандыру және су беру фронты, сондай-ақ желдету/суыту жүйесінің қуаты әсер етеді.            

Технология таңдау: құс үйірін бағу технологиясы баптау жүйесі бақыланып, бүкіл өндіріс процессі барысында, я болмаса кем дегенде балапандарды өсіру кезінде құстар ұсталатын орын-жайлар толықтай қараңғыланған жағдайда жақсырақ нәтиже береді. Жұмыртқа салу кезінде қолданылатын тауық күркесінің түрі климат пен географиялық ендікке байланысты.

Жергілікті топография және жел өрнегі: бұл табиғи сипаттамалар бір жағы ашық тауық күркелерін пайдаланған уақытта ерекше маңызға ие. Оларды тура түсетін күннің түсуін азайту үшін немесе оңтайлы желдету/суыту жағдайын қалыптастыру үшін пайдалануға болады. Бұған қоса, жақын маңда ауа арқылы таралатын инфекциялардың пайда болу қаупі бар басқа шаруашылықтардың бар-жоғын ескеру қажет.  

Электр тоғы және шығын: құстарды баптау жағдайларының бақылауда болуы  желдету, жылыту, жарықтандыру және тамақтандыру жүйесінің жұмысы үшін сенімді электр қуаты көзін қажет етеді. 

Еден: жуылуы оңай болу үшін және  дезинфекциялануы тиімді болуы үшін бетті қатты әрі тегіс бетон еден жасау қажет. Мұнымен қоса, кемірушілер пайда болмау үшін тауық күркесінің айналасына ені  1-3м бетон немесе қиыршықтасты аймақ жасау керек.

Суағарлар: тиімді нөсерлік кәріз және тауық күркелері жуылғаннан кейін ақпа судың ағып кетуі биологиялық қорғаныштың жақсаруына ықпал етеді.

Су: Таза су көзі табу керек (Судың сапасы қараңыз).

Қол жетімділік: құстарды, жемді әкелу үшін және жұмыртқа тасымалдайтын көлік кіру үшін ыңғайлы кіретін жер қамтамасыз етілу керек.  

Артқа